40 сұрақ - Adilet Rakhmetolla (Бірінші толық сұхбат)

40 Сұрақ / 40 Suraq
Adilet Rakhmetolla / Адилет Рахметолла / Әділет Рақметолла

0:00 - Интро
0:57 - Өзінді 3 сөзбен таныстырып кет
1:26 - Қалай басталды?
3:51 - Қайдансын?
4:06 - Бала шақ жайлы
4:50 - Отбасы
5:18 - Әділетпен бірге жұмыс жасадық
9:39 - Басты табыс көзі?
9:54 - "Айына 4 миллион теңге табамын"
11:26 - Командада неше адам жұмыс жасайды?
14:29 - Қазақстанда қай жерге бару керек?
15:45 - Ең бірінші таңымал болған видео?
19:47 - Қандай техникаға түсіресін?
20:17 - Камера қанша тұрады?
21:25 - Ерекше комментарий
23:34 - Инстаграм жайлы
24:48 - Бизнеста жүрген азаматтар саған ақша төлейма?
26:02 - ТОП-3 блогер
26:31 - Армандаған локация бар ма?
27:39 - ТОП-3 видеограф
28:27 - Адаммен танысқанда ең бірінші неге мән бересін?
29:23 - Бала кезінде кім болуды армандадын?
31:16 - Министерство Туризма
34:41 - КИНО. КІТАП
36:36 - KZstart жайлы
36:53 - Екі сұрақ - бір жауап
37:48 - КОНКУРС!

Instagram:

ERGANAT:
erganat.bokey

​BOKEY COMPANY:
bokey.company

ERGANAT TIK TOK:
vm.tiktok.com/ZSJ25apAc/​​

ADILET:
adilet_rakh...


ЖАРНАМА БОЙЫНША / ПО ПОВОДУ РЕКЛАМЫ :
+7 747 787 40 10 (WhatsApp, Telegram)
bokey.company@gmail.com

Пікірлер: 84 

  1. BOKEY

    BOKEY

    2 ай бұрын

    Лайк қойып, комментарий жазып, каналға жазылуды ұмытпаймыз😉 Сұрақтар: 0:00 - Интро 0:57 - Өзінді 3 сөзбен таныстырып кет 1:26 - Қалай басталды? 3:51 - Қайдансын? 4:06 - Бала шақ жайлы 4:50 - Отбасы 5:18 - Әділетпен бірге жұмыс жасадық 9:39 - Басты табыс көзі? 9:54 - "Айына 4 миллион теңге табамын" 11:26 - Командада неше адам жұмыс жасайды? 14:29 - Қазақстанда қай жерге бару керек? 15:45 - Ең бірінші таңымал болған видео? 19:47 - Қандай техникаға түсіресін? 20:17 - Камера қанша тұрады? 21:25 - Ерекше комментарий 23:34 - Инстаграм жайлы 24:48 - Бизнеста жүрген азаматтар саған ақша төлейма? 26:02 - ТОП-3 блогер 26:31 - Армандаған локация бар ма? 27:39 - ТОП-3 видеограф 28:27 - Адаммен танысқанда ең бірінші неге мән бересін? 29:23 - Бала кезінде кім болуды армандадын? 31:16 - Министерство Туризма 34:41 - КИНО. КІТАП 36:36 - KZstart жайлы 36:53 - Екі сұрақ - бір жауап 37:48 - КОНКУРС!

    • Меруерт Мухамбетова

      Меруерт Мухамбетова

      24 күн бұрын

      Есімім Меруерт, ШҚО тумасымын. Әділет сіз мықтысыз) қалғанын өзіңіз де белесіз деп ойлаймын! Самара:Мәншүк Мәметова мұздығы Менің саяхатым үлкен болмаса да есте қалғандықтан бөліскім келіп отыр. Жалпы тау-тастарға жиі шығып жүрген адам емеспін, бірақ соған қарамастан осындай әсем жерді барып көруге бел будым. Еш дайындықсыз тек азығымды алып бір күнде жиналып шығып кеттім. Ғаламтордан мұздыққа қалай бару керек екендігін қарап картаны аштым да жолға шықтым. Ең алдымен Шымбұлаққа көтерілдім сағат таңғы 10-11 ал мен теңіз деңгейінен 2329 метр биіктікте тұрмын,табиғат жайқалып тұр. Алда мені эмоцияға толы шытырман саяхат күтіп тұр! Асфальтты жолмен мен Шымбұлақ тау шаңғысы курортын, қаланың қарбаласын және өз мүмкіндіктеріме күмәндануды артта қалдырып, әдемі ағаш үйлердің жанынан өттім. Таулы жердегі таза ауа бойыма бір күш беретіндей. Жаңа басталған Саяхатым "Тұйық-Су қақпасына" жол көрсетті, ендігі мақсат сол қақападан өту. 1,5 шақырымнан асқаннан кейін асфальтты жол аяқталып, тасты-құмды жолға түстім. Әзірге тасты жол көп күш-жігерді қажет етпейді және ол мені қуантып келеді. Жолда Тұйық-су альп лагері мен «Хан Тәңірі» демалыс орталығынан өттім. Арасында тоқтап табиғатты тамашалап дем алып аламын. Жолдағы Бастаудан мұздай суық су алып Мыңжылқыға аяқ бастым. Жалпы тауға көтерілген кезде адамның жан дүниесі де өзгеретіндей,жолда кездестірген жандар мейірімді, қонақжай, ашық-жарқын, жаңашыр, бір-біріне әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Биікке көтерілген сайын тоқтағын келмейді, себебі алдыңнан әрдайым жаңа көріністер ашылады.Қуанышымда шек жоқ, Мыңжылқы бөгетіне жеттім, жарты жол артта қалды. Жолдың ең қиын бөлігі әлі алда. Жол менің пайдама еңіс емес, бірақ ол Мұздыққа жетуге шектеу емес. Мен сәл баяу қозғалудамын, бірақ біз қозғаламын) Қылқан жапырақты орманнан ешқандай өсімдіктің жоқтығына дейін өзгеретін керемет табиғаттың айналасындамын. Шөппен қоршалған және анда-санда Эдельвейсті көрсететін бөгеттің ізі кенеттен шөлді-тасты аумақта айналды. 2 сағаттық жол жүргесін қатты еңіс басталды. Жүру қиынға соқты, еңіс пен қиыршық тас тағыда баяу қозғалуға және көбірек дем алуға мәжбүр етті. Мен жоғары көтерілген сайын пейзаждар соғұрлым мәнерлі әрі тартымды бола түсті. Мұздықтардың салқындығы мен ауаның тапшылығы қазірдің өзінде байқала бастады. Шамамен 1 сағат жаяу жүргеннен кейін, әлі таудай болып көрінген соқпақ ақыры құлаған тастарға айналды, олармен жүру қиын, аяғым кез-келген уақытта оңай сырғып, кептеліп қалуы мүмкін. Биіктік онымен әзіл-қалжыңның нашар екенін және әрбір қадам үлкен күш-жігерді қажет ететінін көрсетеді. Жолдың басындағыдай оңай жүріс жоқ) Соңғы 15 МИНУТТЫҚ жол туралы жазылған белгіге жеттім.Бұл ең ұзақ 15 минут болды) Күтпеген жерден №6 көл Ұлы Отан соғысының батыр қызы есімімен аталатын Мәншүк Мәметова көлі көрінді. Осы сұлулыққа жету үшін жасалған көп күш-жігерден кейін екі жақты сезім пайда болады. Бір жағынан,сұлулыққа,ауаның салқындығына және қол жеткізген мақсатыңа қуанасын.Екінші жағынан ғаламторда бір неше жыл бұрын түсірілген суреттермен салыстырып көңілін түседі,себебі мұздықтың көлемі айтарлықтай кішірейген. Судың мұздай болғаны сонша, оған қолыңды салған кезде саусақтарың сықырлап кетеді.Сөмкемді шешіп, дір-дір еткен аяғымды созып сәл отырдым. Таудың бойына 5-6 Альпинист шатырларын орнатып түнемек. Біреуі мені көріп қалды, мен жалғыз отырған едім себебі көтерілгенімше сағат кешкі 5 болды. Мұндай уақытта басқа адамдар төмен түсіп кетеді. Мені байқаған Альпенист алыстан "қарындас" күн батпай қайт артқа Жол ауыр деді. Мен жолға шықтым! Алдымда екі жол тұр, бірі өзім котерілген ұзақ бірақ сенімді жол, бірі альпинисттер көтерілген ауыр да қазықты жол болып тұр. Ауыр болғанымен бұл жол қысқа болып тұр, егер сәтті түсіп кетсен тура Мыңжылқыдан бірақ шығасын. Қолыма тіреу болатын ағаш тауып,Нар Тәуекел деп сол жолмен аман-есен төмен түстім.Өзімді бір Шындарды бағындырып жүрген альпинисттей сезініп кетемін арасында) Кешкі сағат 9 мен қалаға жетіп көңілім орынына түсті. Телефоным 20 шықырымдай жол жүргенімді көрсетіп тұр. Сенер-сенбесімді білмеймін) Бойымды үлкен қуаныш баурап барады.Мен үшін бір эмоцияға толы керемет күн болды. Осымен аяқтайын)мүмкін сондай қызықты сапар да емес болар, бірақ өзім үшін улкен жетістік болғасын бөлісейн деп шештім) Назарларыңызға Рахмет!)))

    • ERA FF

      ERA FF

      2 ай бұрын

      *Pazl Шақырыңышы BOKEY*

    • Aubakir Abzhapbar

      Aubakir Abzhapbar

      2 ай бұрын

      Оркен Кенжебекти шақыршы

  2. Erkebulan Serikkaliyev

    Erkebulan Serikkaliyev

    19 күн бұрын

    Ен алгаш рет Шарын шаткалын корген сатимде, озимди айда жургендей елестеттим. Отырып, табигатымен тамсанган сатинде, Оз елиммен мактана бастадым. Озге елге кошу, коныс аудару туралы ойлар миымнан кудаланды. Барлык барган жериме осындай жерлер бар деп, куана, мактана корсететин болдым. Адилет бауырымнын паракшасын шетелдиктерге корсетсем Бари тан калатын едi.

  3. Erkebulan Serikkaliyev

    Erkebulan Serikkaliyev

    19 күн бұрын

    Керемет. Адилет БМВ ны тандайтын болар деп ойлагам 🤣

  4. NURAS

    NURAS

    Ай бұрын

    👍👍👍

  5. Куванышбек Бабакулов

    Куванышбек Бабакулов

    2 ай бұрын

    Керемет сұқбат болды👍пайдалы әрі сапалы

  6. Султан-Уайс Маманов

    Султан-Уайс Маманов

    2 ай бұрын

    Сұқбат қандай тайотада өтеді ?

  7. Поэзия Әлемі

    Поэзия Әлемі

    2 ай бұрын

    1 сынып оқып жүргее кезімде Ақтауға әжеммен бірге қыдырып бардым. Ол жақта әкешімнің әпкесі тұратын. Мен әжемнен қалмай жылағандықтан мектептен сұрап алып (қалай сұрағаны есімде жоқ😂) 2 аптаға кеттік. Бара сала душқа түскенім есімде😂 өйткені Маңғышлақтың әр бекетке тоқтай беретін жүрдек поезды (есек поезд айтады екен көбісі🙊) мен үшін әрі қызыққа әрі қиындыққа толы болды. Ылғи жуынып үйренір қалған қатты қиналдым😂 + мен шуда, жарықта ұйықтай алмаймын🌝 3 күн ұйықтамағанмын😭 солай жолда бір әжей жанымызға отырды. Өзі копченный балық сатып алған, онымен қалай сасып барғанымызды айтпай-ақ қояйын🌚😂 сомен әрең жеттік. Түсе сала Алматыдан басқа қалаға барып көрмеген кішкентай мен аспанға қарап: -Мәссаған, сіздердің аспандарыңыз үлкен, сосын кеп-кең екен!-дегенмін ғой😂 бәрі күліп әлі айтады... Кеш өте кеш бататын батыста бірінші күні: -Сіздерге түн келмейді екен! Қашан келеді?-деп бәрінің мазасын алыппын😂🤦🏻‍♀️ 2-ші күн, әжелерім басқа әжелермен қақпа ішінде отырса керек. Мен түйе көрмегенмін (Алматыда жоқ қо) сол жақтағы бауырларым ойнап түйе адамды жейді деп мені сендіріп қойған. сомен ойнап жүрсем көшеден бір өркешті нар түйе үйге қарай (әжелер отырған жақа қарай) жүгіріп келе жатқанын көріп, бақырып жылап: - Ана түйе әжемді жейді! Әжемді құтқарыңдар!-деп жылап жүгіріп арыққа түсіп кеткенім бар🤣😂 За то жұбату үшін бәрі көңілімді аулап, жап-жаңа джинсовка сыйлап, тәттіге тойдырғаны әлі есімде🙊😂 .... 2-оқиға: Нарынқол жақтағы Кеңсу ауылына қыста барып, қар қалың түсіп 1 айлап сонда қалып қойып, әжеммен, жездеммен атпен Талдыға қарай (көлік қатынайтын ауыл) атпен түскенімізде бар🤭 ол кезде мен 5-жастамын) Әжемнің аппақ тоны болатын, сөйтіп ол кісі аппақ атқа мінді, біз жездеммен бірге тор атқа! Мен аппағына отырамын деп қиғылық салып, жылағанмын😂✊🏻 бірақ бәрібір отырмадым🌝 Сомен тау ішінде 2 атты 3 адам келе жатырмыз. Әжеммен жездеммен әңгімені соғып келеді.ол жақта да бауырларым тауда аю, түлкі барын айтып қойған😂 фантазиясы мықты Мәліке бәріне сеніп қана қоймай, дамытып, елестетіп алады😂🌚 Келе жатып: -Аю! Аю!-деп бақырып жібергенмін😂🤭 қыстыгүні тау ішінде айғайлау қауіпті, сәл болмағанда көш жүрейін депті🥲😂 сөйтсем ол қонжықтың мүсіні екен🤦🏻‍♀️ тағы біраз жүріп шынымен түлкі көріп, тағы бақырып, әжемнен ұрыс естіп, әрең дегенде Талды ауылына жеткенбіз🥰😂 Бөбшім, өмірім әлі күнге приключение, шүкір🥰) Бұндай қызықтар жетеді... Aralike- пен Көлсайға ерекше көлік Мәшөнің ертегісін жазу үшін барғанмын🥰 күшті сезіммен келіп, жазып, редакциядан өтіп кітап болып шығып жатыр🤭😊 Жас жазушы үшін Саяхаттың маңызы зоррррр❤️ шабыт береді... с/н Мәліке бибі😊

  8. Sungat Aimanbetov

    Sungat Aimanbetov

    2 ай бұрын

    2021 жылы түркі әлемінің алтын бесігі саналатын Алтайдың қазақстандық бөлігі орналасқан Шығысқа ат басын бұрдым. Шығыс Қазақстан - бұл Абайдай дананы, Мұхтардай дараны өмірге әкелген қасиетті мекен. Табиғаты көз сүрінердей әдемі, ал қойнауында тарихтың талай сыры жасырулы. «Өткеніңді ұмытсаң, болашақ саған тас атады» - дейді. Өзге елдің шашбауын көтергенше өз еліміздің бай тарихи мұрасын зерделеуді, ішкі туризмді дамытуды жөн санадым. Осылайша, сапарым бастау алды. Әуелі, Ұлан ауданындағы Алмасай ауылына жол тарттым. Бір жағынан атауының өзі аңыз боп тарап, тарихта қалған мекенді көргім келді. Екінші жағынан, таулы өлке болғандықтан, осы жақта өзім сүйетін экстремалды спорт түрі - парапланмен ұшу ұйымдастырылатындықтан, 1 оқпен 2 қоянды атпақ болдым. Тауларды көріп шабыттың сәйгүлігі шаба жөнелді. Содан туған ой, түйгенім мынау еді: өр мінезді халықпыз ешкімге басын имеген, қара қылды қақ жарып, жүйелі сөз айтар жөнменен. Адамдықтан аттамай, намысты қолдан бермеген шырайлы Шығыста заманауилық пен дәстүрді бір бесікте тербеген қасиет бар бұл мекеннің адамдарында. Ананың сүтімен, әкенің қанымен, одан соң осындай бір аспанмен таласқан таулардың асқақтығымен келген дүние ол! Екіншіден, облыстың Қиыр Шығысында орналасқан Зайсан қаласына бардым. ХIX ғасырдың ортасында ол әскери бекініс мәртебесін алған. Ежелде Зайсанға әлемнің 4 бұрышынан келетін 4 өзен құйған екен. Солтүстік өзеннен су ішкен адам асқан сұлулыққа ие болған деседі. Оңтүстік ағыннан су жұтқан адам зор денсаулық иесі болған. Батыстан келген өзен таусылмас байлық берген деседі, ал шығыстан ағып келген өзен даналық дарытқан екен. Осылайша, Шығыстың табиғаты мен тарихынан нәр алып, елордаға оралдым.

  9. Айгуль Жандарбекова

    Айгуль Жандарбекова

    2 ай бұрын

    Өмірімде саяхаттап көрмеппін. Осы 34-ке келгенше саяхат тек шетелге шығу деп ойлаппын. Әділеттің инстасына кеше жазылып бас алмай отырмын. Өз елімде, тіпті өз қаламда да саяхаттасам болады екен ғой деп ақша жинауға кірістім. Шабыт бергеніңізге рақмет! Ал интервьюге сөз жоқ, керемет!

  10. Gulaina Muratbek

    Gulaina Muratbek

    2 ай бұрын

    Өте керемет сұхбат болды. Әділет сізді әркез инстаграмнан, телеграмнан бақылап жүремін. Қарапаймыдылығыңызда шек жоқ👍 Менің алғашқы саяхатым десемде болады, Оңтүстіктің қызы Шығыста! Студенттік өмірім ШҚО Семей қ. өтті. Алғаш барғанда ескі қала ерекше болып көрінді, көзтартарлық (көпірі) мосты😇 өте керемет әсерде болдым. Бір кинода көретңн шетелдің ескі қаласындай. Содан группаластарым облыстың жақын маңындағы аудан ауылдарынан болғандықтан бармау мүмкін болмады. Группаластарымның бәрі Шымкенттен келген аруымыз деп ерекше қарсы алып, әрқашан қолдап жүретін, әркез Туған жерлерін мақатап жүретін. Демалыс кезінде Үржар ауданына, Науалы ауылына бардым, өте тамаша. Ауа тап-таза, табиғаты керемет. айналасы жап-жасыл ғажайым екен. Өте қуанышты болып, ерекше әсерде жүретінмін. Студент болып алғаш барғанда қайтқым келіп уайымдап жүретін едім. Уақыт өте келе қимайтын болдым. Тіпті оқу бітірсемде қанша рет барып келдім.

  11. Kundyz Mykhtybai

    Kundyz Mykhtybai

    2 ай бұрын

    Әрине Қазақстанның барлық жері әсем,көркем, сұлулығына ешқандай шек жоқ.Өкінішке орай осы уақытқа дейін әлі еліміздің ешқандай табиғат сұлулығын аралап көрмеппін.Алла қаласа көремін деген ойдамын,бұл да бір менің 100 арманымның бірі.

  12. Fariza Tileules .Рецептер әлемі🍒

    Fariza Tileules .Рецептер әлемі🍒

    2 ай бұрын

    Армандар орындалады-Мақсатың айқын болса.Әрине көп адам өзінің жақсы көрмейтін ісін жүргізіп , күйбеңдеп Жүр. Еңбегіңіздің арқасында ,шын жаксы көрген жұмысыңыздың арқасында осылай Биыктеп келе жатырсыз . Сіздің видеоларыңызды көріп Тамаша табиғаттың КЕРЕМЕТТЕРіне көз жеткізіп келеміз.Алла -Ұлық. Бай және Кең даламызды түсіре беріңіз☀️

  13. Орал Толқын

    Орал Толқын

    2 ай бұрын

    Ең әуелі керемет видеоларыңыз үшін рахмет! Осы жаздың шілде айында Алматыдан Астанаға барып қайттық ,жол бойы Шығыс Қазақстан өңірінде болдық , Павлодарға бардық ,Бурабайға бардық . Елімнің көркем табиғатын шынымен ешбір шетелмен салыстырмас едім ❤️ шіркін осындай керемет табиғатымызды бүкіл әлемге паш ете алсақ қой , туризмды дамытсақ Қазақтың әрбір өлкесі ешбір шетелден кем түспес еді ғой деген ой келеді .Кең байтақ жерімді көрген сайын тілсім табиғатын көрген сайын бойымды ерекше бір сезім билейді , Отанымды одан сайын сүйіп кетемін , Қазақ болғаныма мақтанамын! Сіз сияқты елін жерін сүйетін ұлдар аман болса жетерміз ол күнгеде ! Күнде жұмыстан шаршап отырғанда видеоларыңызды қарап демалып қаламын , сториске қоямын Әділет мырза бүгін қандай видео салды деп күнде қараймын ! Ойлап қалмаңыз силық үшін өтірік жазып жатыр деп ,бүйырған адам алар ,бірақ бұл сөздер шын жүректен ,Тек қана алға ,бұдан да тамаша жетістіктер күтеміз👍

  14. Aizhan Romanova

    Aizhan Romanova

    2 ай бұрын

    Шыны керек, осы уакытка дейн бир Казакстаннын табигатына кызыгып, осы жакка бару керек екен деген жоспар болмаган. Арманым тек шет ел кору, акша жинап ата-анамды апару болатын. Бирак мен фотосессия, видеосъемкаларга кызыгып жургенимде инстаргаммда Аралайк командасынын, фототур в Чарыне рекламасы шыгып калады. Уакытын карасам уже ертен шыгып кету керек екен. Сойтип ой улгермеймингой деп коя салам. Кешке шай ишип отырып курбыма жай корсете салганмын, караш мынадай жарнама кордим бугин, видеосъемка Чарында, осындай койлектермен болад екен деп. Курбымда кызыгып кетип кандай адеми жер барайыкшы деди. Сол жерде бирден Адилетпен хабарласып, келисип. Ертесине бирден жолга шыгып кеттик Аралайк командасымен. Бар ойым али сол контентте. Бирак Чарынга барган кездеги ен алгашкы сезим оте болек. Каншама уакыттан бери ойым болинип турганы сол еди, табигатка коз тоймай карадым. Шыны керек Казакстаннын табигатына соншалыкты гашык боламын деп ойламаппын. Съемкамыз керемет шыкты, бирак оны кулпыртып турган сол озимиздин табигатымыз. Дал сол куннен бастап Казакстаннын жерлерине кызыгушылым ашылды. Енди съемкага емес, табигатты коруге баратын болдым. Аралайк командасынын жана локацияларынан калмайтын болдым. Ар барган сайын касыма жанадан курбыларымды еритип алатын болдым, барлыгымен сол керемет жерлермен болиским келетин. Басында баргысы келмей отырган курбыларым артынан рахметын айтатын, оте керемет демалдык деп. Жане тагы бир айта кететин жайт Аралайк командасымен шыккан кезде унеми ауызбиршиликке конил боледи. Канша адам болып шыксакта, ар адамнын конилин табуга тырысады, баримизден жекелеп танысып шыгады. Сонын аркасында бираз адамдар бир-бирине бизнес партнерлар, омирдеги сериктестерин тауып жатыр) Сапарга шыккан сайын кешки асты уйымдастырып, улкен бир отбасыдай бирге тамактанамыз. Артурли ойындар уйымдастырып, уакытты да конилди откиземиз. Ал бул сапарда ен басты мактарлык нарсе ол адамдардын кауипсиздигимен табигаттын тазалыгына аса ман берилуи. Сол себепти еш аландамай ардайым тек демалыс туралы оймен шыгамыз. Тагы бир манызды кезди айткым келип тур) Комментарий жазган сайын бари есиме тусип жатыр) Аралайк командасы турларында кайырымдылык жасап турады. Олар колдарынан келген комегин аямай, барынша когамга пайдасын тигизгиси келеди. Сонында айтарым, дал осы турмен танысканыма оте куаныштымын, адамнын тек табигатка емес, омирге деген де козкарасын озгертеди. Али талай адамнын Казакстанга деген махаббатын ашатындарынызга сенимидимин , тек дами бериниздер❤️

  15. Ayoka Uteulina

    Ayoka Uteulina

    2 ай бұрын

    Әділеттің суреттері еш боямасыз, шынайылығымен ұнайды. "Красота в глазах смотрящего" дегендей өзінің көзімен жеткізеді. Елге деген махаббаты шексіз, өз елінің нағыз патриоты. Сөзбен емес іспен дәлелдеп жатыр, Әділеттің арқасында қаншама адам сол түсірілген жерлерді көруге асық. Соның қатарында мен де бармын))) Қанатың талмасын (дрондарың да талмасын😂)! Тек алға!!!

  16. Айжан Тастыбай

    Айжан Тастыбай

    2 ай бұрын

    Казакстаннын мыкты, улги тутар азаматтарынын бирисиз! Сизбен мактанамын, казак жерин оте сулу кылып корсетип жургенинизге! Видеоларынызбен вдохновляюсь! 🤗

  17. Mayra Еркін

    Mayra Еркін

    2 ай бұрын

    адамдарды тану туралы өте керемет айтты шынменде ,өте негатив адамдармен шықсаң әбден шаршатып жіберді ,жол болғасын нештүрлі жағдай болады ,соның бәрін дұрыс қабылдамайды ,ал рухани бай адамдар қайта қайыры болатынына көзіңді жеткізеді қандай қиын жағдайдада ,менде саяхатты қатты жақсы көрем ,алматының тауларын шетінен бағындырып жатырмын аллаға шүкір 😉

  18. Mayra Еркін

    Mayra Еркін

    2 ай бұрын

    Қазақтың жерінің елінің қадірін шынменде елден шығып көрсең білесің ,атақты дубайда биік қабаттарынан басқа дымы жоқ бәрі шөл дала ,оған қарағанда алматым шіркін любой жері сызып қойған суреттей ,ал қытайдың ішкі қалаларында адамдар бір жұмысқа10адам таласады ,аз кідірсе аш қалады ,ал бізде құдайға шүкір істейм дегенге жұмыс көп ,демалыста жетеді күшті жерлерімізде демалады ,олар демалуғада қорқады білсеңіздер себебі өмір сүру тіпті қиын бізденде ,қадірін білейік ,аллаға шүкір

  19. Гүлбаршын Жетібаева

    Гүлбаршын Жетібаева

    2 ай бұрын

    Қайырлы кеш! Әділет аға секілді дронды пайдалана отырып түрлі видео түсірудін қыр-сырын меңгеруге қызығушылығы өте жоғары жандарға жақсы сұхбат болды. Жалпы, инстаграм әлеуметтік желісі арқылы Әділет ағаны танимын. Ұқсас жақтарымызда бар екен. Табиғи табиғатты көргенде тіл байлану, сол жердегі сезім оның бәрі-бәрі бөлек сезім әсіресе, табиғаттан шабыт алу тым бөлек. Вертуалды көрген табиғатты өз көзіммен көргенше қатты асығамын! Менің алғашқы саяхатым - Көлсай және Қайыңды көлдеріне болды. Жалпы қазақта "алғашқы" деген атаудың өзінде ыстық бір естелік бар екенін екінші рет сол жерге барғанымда ұқтым. Лимон кз турымен 2020 жылдың қыркүйек айының соңында бардым. Алғашқы аялдама - Көлсай көлі!😍 Таңғы 6:45те автобустан түстік. Таудың салқын таза ауасы, табиғаттың тұп-тынық сұлу бейнесі мені өзіне ғашық етті! Алланың сондай шеберлігіне тәнті болып, Аллаға сансыз шүкірлігім мен мақтау айтудан басқа шара табылмады. Сөзсіз сұлулық тіліңді байлайды. Турмен келген соң Қазақстанның әр түрлі қаласынан келген туристар екен! Оны білгенде ерекше қуандым! Өйткені, еліміздің табиғатын әуелі өзіміз көріп, тамсанбасақ өзгеге қалай жеткізе аламыз?! Сұхбатта Әділет аға айтпақшы еліміздің туризімін дамыту, шет елдерден осындай сұлулықтарды көруге турист тарту мені де олйандыратын мәселе. Осы орайда бір оқиғаммен бөлісе кетсем, өткен жылдары бос уақытымды текке өткізбейін деп тауға шығатынмын. Осы уақытқа дейін Көк Жайлауға, Метеостанцияға, Пик Фурманованың качелясына дейін шыққан болатынмын. Әр бір тауға шыққан сайын көретінім "орыс" ұлты. Бір таңғаларлығы жас емес егде жастағы үлкен ерлі-зайыптылар, тіпті 60 -тан асқан қария кісілер болатын. Сонда ойлайтынмын, неге қазақтар осылай тауға, табиғатқа шығып табиғаттан ләззат ала отырып дем алмайды екен, тауға шығудың өзінде адамның денсаулығына әкелетін орасан зор пайда бар. Адамның өмір жасын ұзартуына, қан айналымның жақсаруына бірден -бір септігі тиетін физикалық қозғалысқой. Санамда сан түрлі сұрақтар туындады. Тіпті өз елімізде, өз қаламызда, өз табиғатымызда кең байтақ Алла берген осыншама нығметті "қазағым" неге рахатын көрмейді деп кейде қынжылатынмын... Келесі аялдама - Қайыңды көлі! 😍 1911 жылы жер сілкінісінің әсерінен пайда болғанын Алланың муғжизасы! Әлем бойынша бұндай ғажап көрініс 2-ақ елде, оның ішінде бірі біздің ҚАЗАҚСТАН екенін естігенде кеудемде сондай мақтаныш кермеді! Панорамадан көрген көрініс өте керемет! Көгілдір түсті көлмен, қарт қайыңдар жоғарыдан ерекше сұлу көрінеді! Дегенмен, сондай сұлулықты көру үшін біршама қотыр-соқыр жерді жүруге мәжбүрсің. Бір тілерім Қайыңды көліне барар жол жөнделіп, турист саны артса екен деймін! Айта берсең әңгіме көп демекші, бір қынжылтатыны - қымбатшылық. Қаладан қолжетімді бағаға әкелініп, сол жерде сатылатын сусындар мен тағамдар бағасы шарықтап тұр. Бұны да қадағалап, жөнге салса игі еді! Бәрін айтта бірін айт, Алланың қалауымен биыл тағыда осы жерлерге бардым. Сезім, әсер алғашқыдай емес. Дегенменде әсем табиғатты көріп, Аллаға мақтау мен шүкіршіліп етіп, табиғаттан шабыт алып келгенге не жетсін, шіркін! Құрметті қазағым! Елімізді, жерімізді табиғатымызды тануды өзімізден бастайық! Мүмкіндік болса өз қалаңыздың табиғатын танып, өзге қаланың табиғи сұлулығын көріңіздер! Өз елімізді аралайық! Бұл менің Алматының төңірегіне жасаған кішігірім саяхатым болатын. Алда Алла қаласа өзге қалаларға оның ішінде Шығыс Қазақстанның Қатонқарағайына барып көзбен көріп, табиғаттың сұлулығына тәнті болғым келеді. Бұдан басқа Бурабай, Ақтау сынды еліміздің барлық қалаларында болып, әлемнің әсем табиғи табиғаты бар жерлерін аралағым келеді. ИншаАлла!😊

  20. BILIP JUR

    BILIP JUR

    2 ай бұрын

    Қазақстанда ешкім бұлай түсірмеген шығар.Қазақстанның ең мықты жерлерін түсіріп,басқа елге мақтан тұтатындай видиодар түсіріп. Қазақша контент қолдаймыз әрқашан

    • BOKEY

      BOKEY

      2 ай бұрын

      Рахмет ✊🏻🇰🇿

  21. OXFORD MEDIC

    OXFORD MEDIC

    2 ай бұрын

    Шынын айту Қазақстанның бай табиғатын жаздың жасыл сезімін қыстың аппақ табиғаты өте әдемі екен. видеоларыңызда көріп рахат аламыз Қазақстанға келуге бір себепта болды казір өзіміз бармаған болсақта адамдарға мақтанып көрсетеміз ауылдағыларға мынандай жерлер бар деп, өзім 2018 жыл Қазақстанға Узбекистанның арал жағынан келіп оқуға түсіп бірінші рет экскурсия дегенге шығып мұғалімдермен сол кез Медеуге барып түсе сала автобустан ана тауды теректерді теректің үстіндегі қарларды көріп айталмаймынғо енді ана сезімді телевизордан көріп отырғандай сол кез кыс мезгілі температура - суықты сезбеймда ана атмосферадан, табиғатқа ауру деген сол шығар, күні түні тек жұмысқа оқу барып келіп зомби сияқты болып баратырмыз табиғатқа шығуды ұсыныс қылар едім.

  22. Абзал Алтынбеков

    Абзал Алтынбеков

    2 ай бұрын

    Бұл коментті билет ұту үшін жазайын деп ойлағанмын! Жазу барысында не жазарымды ойланғада билет жайында қалды,шыныменде табиғаттың көкесі Алматы деп ойлайтын бізге шығыстың шырайлы жерлерін көрсеткенің,одан кейін кешегі стористағы африка тайпаларына қаздырған құдықтың суреттерін салып көрсеткенде қан тамырымызды бір жыбырлатпай қоймадың.Əлі тайпаның əлі су алуға барғандағы құдықтың кім салғанын естеріне алып қазақ жұртына іштей болсада алғыс білдіріп бізге бір ой жүгіртетіні көз алдыма келіп,шыныменде құдайға бір алғысымызды білдірдік!Бар болшы бауырым!!@

  23. Alua Akzatova

    Alua Akzatova

    2 ай бұрын

    Оте керемет адам, блогерлардын iшiндегi ен суйыктi блогерiм😍😍😍Адiлеттiн инстаграм паракшасына кiрiнiздер, кенес берем😊 Паракшасында ен кызыкты,ерекше адемi видео , фото коресiздер, стористары отдельная тема😅😍❤Адiлет тек алга✊🇰🇿💙📽🏔

  24. ЗОДИАК !

    ЗОДИАК !

    2 ай бұрын

    Әділет жарайсың 👍👍👍👍👍 КӨП АДАМНЫҢ ӨМІРГЕ ДЕГЕН КӨЗ ҚАРАСЫН ӨЗГЕРТЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАСЫҢҒОЙ ҚАЗАҚСТАН НЫҢ ПТУШКИНЫ ДЕСЕМ ҚАТЕЛЕСПЕЙТІН ШЫҒАРМЫН СЕН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕТКЕН ӘДЕМІ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ БАР ЕКЕНІҢ КӨРІП ЖАТАМЫЗ АЛ ЕНДІ СОНЫ БАСҚА АДАМДАРҒАДА КӨРСЕТУГЕ МҮМКІНДІК РЕТІНДЕ МЫНА ЖАНА БАСТАҒАН ARALIKE АТТЫ ТУРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРАТЫН КОМПАНИЯН АЛҒА БАСЫП, БІЗДІҢ ҚАЗАҚ ЖІГІТ ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА БАҚЫТ ПЕН ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙ БЕРСІН 👍👍👍👍👍🔥🔥🔥🔥🔥

  25. Еско Тасболатов

    Еско Тасболатов

    2 ай бұрын

    Жарайсың Әділет, қарапайым тойда оператор болып жүрген жігіт, арман қуып, еліміздің керемет жерлерін дәріптеп, көрсетіп, нешебір кереметтей видеолар жасап, ҚАЗАҚСТАНымыздың туризмін жаңа сатыға көтеретін сендей жігіттер көп болғай. Тек жаңа дүниелеріңмен қуанта бер қазақ елін!!!

  26. Miras Seitkali

    Miras Seitkali

    2 ай бұрын

    Алматы тауларына бардым осы жакында, алган асерим оте керемет созбен айтып жеткизу мумкин емес, ата бабаларымыздын канын тогип осы жерди жандарын киып коргаган себебин тусиндим, жане мындаган мотивациялык китаптардын, видеолардын, жане кинолардын жеткизе алмаган мен оны кабылдай алмаган мотивацияны 1-ак рет тауга шыгып жетистикке калай жету керек екенин тусиндим, ягни мыкты минез берды деп айта аламын.👍

  27. Albina Kelerhan

    Albina Kelerhan

    2 ай бұрын

    Меркі ауданының табиғаты, Меркі ауданынан тауға қарай 2 сағат жол жүріп, Меркінің тауын көрдім, Меркіде осындай табиғаттың бар екеніне таңғалғаным сонша, дәл менің бала күндегі салған суреттерімдей, тау бөктеріндегі кең алқап, жасыл жайлау, таудың иісінің өзі қандай керемет, сарқырап аққан көлдер, киіз үй, самаурынмен қайнап жатқан шәй, бұлт астына жасырынған күн сәулесі, қоңыр салқын ауа-райы, тіпті табиғаттың әсемдігін суреттеуге сөз жетпейді.Тау бөктеріндегі әртүрлі гүлдер мен шөптердің өзі ерекше.Барып көруге кеңес беремін

  28. Akzhol Johnson

    Akzhol Johnson

    2 ай бұрын

    Бокей 3 камера бар екен тусирип жаткан, корип жактанда 5 секунд сайын ауыстыра берменизши, бир общий планнын ози жетип жатыр

  29. Asyylanbek Zhailybek

    Asyylanbek Zhailybek

    2 ай бұрын

    Pazl каналындагы балдар шакыршы

  30. Жасулан Жетписбай

    Жасулан Жетписбай

    2 ай бұрын

    Ассалаумағалейкум Бөкей каналы Және Әділет мырза Әділет бауырымызды көру арқылы міне осы каналға да қосылдық сапардан алған әсер дегенге келсем олай болса кеттік..... Бұл сапар сол мектеп шағымда болды әр қашан есіл дертім табиғатқа тауға суға аң құсқа ауып жүретін. Сол жылы жазғы демалысқа шығып ауыл баласы ойын қуып бауырларымыз бен ойнап жүр едім кешке жеңгем ағайындас бауырым екеуімізді шақырып алып ертең Алтын Емелге барысыңдар дайындалыңдар деп, содан таңмен Сапарға шығып кеттік жол бойы ауданнан жиналған балалар мен 3 көлік тола сол Алтын Емел ұлттық паркіне келіп жеттік паркке кыргеннен алған әсерім өте ерекше болды ең алғаш құлан, қарақұйрық көруім болды. Одан ары жолда инспекторлардың тұрағына барып ол жерде тораңғы ағашының кереметтері мен таныстық біраз демалып шөлейт даламен жүре келе алдымыздан қамысты жерге келіп тоқтадық сөйтсек ол жерде бұлақ бар екен ол бұлақ атауы Көк бұлақ екен кезінде Шоқан Уәлиханов Қашқарға және т.б. сапарында осы бұлаққа тоқтаған екен деп бізді алып жүрген инспекторлар баяндап берді, кейін естідім сол бұлаққа Шоқан Уәлиханов есімі беріліпті. Ең қызығы және әсерлі ол Айғай құм болды ортада жапан дала екі шеті тау арғы бетінде Іле өзені ал дәл ортада әдейілеп жасалғандай биіктігі 150 метр болатын "құм" ұзындығы 3км оның басына шыққанда бір бөлек әлемге түскендей болдым ал оның дауыс шығаруы өте бөлек болды оны тек барып көргендер ғана түсінеді!!!!!!! Бұл сапар менің есімде мәңгілік сақталды содан қызығушылық артып қазір де Сапарға Іле Алатауының тауларына шығып тұрам оның бәрінің әсерін жеткізу үшін біраз керек... Қазақстан туризмінің дамуына үлкен үлес қосқан бауырларымыз жасай берсін!

  31. Sadirbayev

    Sadirbayev

    2 ай бұрын

    Табиғатқа шыққан қатты ұнайды.Себебі өзім сіз сияқты видео түсіру арқылы табиғатқа деген махабатым ашылған. Сол себепті катты ұнайды

  32. Aubakir Abzhapbar

    Aubakir Abzhapbar

    2 ай бұрын

    Оркенди шақырш

  33. QAZ ¤ F O B I Y A

    QAZ ¤ F O B I Y A

    2 ай бұрын

    До того көбісі танымайды, даже 5000 просмотрға жетпепті әлі. 17 сағат өттң

    • BOKEY

      BOKEY

      2 ай бұрын

      Видеоның мақсаты таныстыру😉

  34. Miko_ Land

    Miko_ Land

    2 ай бұрын

    Ннн қайта келсын

  35. Kulanov Live

    Kulanov Live

    2 ай бұрын

    Не обязательно таныс адамдар келу Танымайтын адамдар болса да осы Бокей арнасынан танисын👍🏼

  36. Zhaina Zhangalieva

    Zhaina Zhangalieva

    2 ай бұрын

    Алғашқы саяхатым! Алғашқы шетелім! Турция! Ақтау қаласынан дәл сол датаға ұшу бағыты болмады. Сондықтан Алматы арқылы ұшатын болдым. Көктем мезгілі. Жұмыстан шығып, тоқсан соңы жұмыс көп, шаршап, самолетте ұйықтап аламын деген ой болған. Бірақ… Эйр Астана 3 сағат күткізді. Ақыр соңында келесі күні ұшады деді. Я шок. Себебі, бар самолет бәрі ұшып кетті. Менің рейсім Түркиш таңғы рейс болатын. Екі жол болды. Бірі Түркиш күнін ауыстыру, екіншісі басқа самолетке билет алуды. Екі жақты бірдей қарастырдық. Скатқа бардым, билет жоқ. Шыны керек, өзім шаршап жүрмін. Алайда жалғыз өзім таңғы уақытта аэропортта кезіп жүрмін. Скатқа билет қарадым, эйр астанамен сөйлесіп жүрмін, түркиштің билетін ауыстырамын ба дер. Тек бір Аллаға сендім. Дұға еттім. Нәтижесінде, скатқа бардым на всякий случай ұйықтап қалатын, келмей қалатындар болады деген ой. Сөйтіп, бір орын болды. Отырдым. Енді сұрақ үлгеремін ба? Адамның сондай уақытта басы жасамай кетеді емес пе?! Эйр астана билетін тапсырмағам, сумкам жеңіл болды соны ручной қып ішке аламын деп ойлап тұрғам чтобы багаж уақыт алмасын деп. Багажқа салып жібергем. Қайырлысы. Таңғы сағат 05.00 ұйқыдан біреу оятқандай атыыып тұрдым. Соткамды алып вайфай қоссам ұстап тұр. Ватсапқа басқасына кірмейді. Тек каспиге кірді. Билетті отмена жасадым. Сообщ келіп болмай жатты. Шүкір келді. Билет ақшасы түсті. Солай, вайфай да жоғалды. Алланың бұйыртқаны. Құдыреті шексіз Алла Тағала. Құдайға сенбейтіндер қалай топшыларын қайдам, мен өзім бір Аллаға сендім. Маған бұйырғанды ешкімде ала алмайтынын ұқтым. Жалғыз шықсам да бір Аллаға тәуекел етемін. Нәтидесінде, сынағымен, бірнәрсені ұғумен, керемет саяхатпен, басқа өмірге көзқараспен әр сапардан ораламын. Шүкір! @tulekjaina

  37. Aruzhan Kenjabayeva

    Aruzhan Kenjabayeva

    2 ай бұрын

    Жакында алгаш рет Актау каласында болдым . Баримиз бир казак болсак та адамдардын ерекшелигин байкалым . Тусингеним баска каланын адамын кору аркылы ,коп естигенше бир корген артык деген рас екен . Диалектеринин ози кызык . Бурын батыстан 1-2адамды коресин бирак айналаннын бари батыстыктар болганда баскаша екен . Бул да бир адам ушн жана бир алем . Адейилеп пойездга билет алдым . Ар токтаган станциянын оз ерекшелиги бар . Туркистанга тусесин шашлык иси , шиелиге келесин кауын , кызылордада куриш . Енди кете береди .Баскаша асер калдырды . Жай оз мемелекимдин озге онирлерин аралау аркылы коп инсайт аласын , жане шетелге шыгу бир онай секилди коренеди . Миымдагы кулыптар шешилип , козим адемиликке , ой жаналыктарга толып кайттым

  38. Біржан Тұрғанбек

    Біржан Тұрғанбек

    2 ай бұрын

    Олжас Оқасты,шақыршы ағасы,айтары көп мықты автоблогерғой!

  39. Galym Rakhmetov

    Galym Rakhmetov

    2 ай бұрын

    Шаңғы тебуді үйреткенің есімде 😉 ролик түсіріп жүріп! Нағыз экстртм болды 💥, мен алдымен шаңғы тебе алмай құлап жүрсем, Әдекең мені шаңғының үстінде артпен түсіріп келеді! Қолында қымбат камерасы бар ронинмен😀👍! Әділет бауырым , ризамын саған✊, еңбек жемісті болсын! Тек биіктен көріне бер!

  40. Alibek Konyrbay

    Alibek Konyrbay

    2 ай бұрын

    Алла істеріңізге береке берсін 🙌

  41. Gaukhar Sayin

    Gaukhar Sayin

    2 ай бұрын

    2016 жылы Анашым екеуміз Орынборға барған едік, денсаулығымды қаратуға. Ақтөбеден-Орынборға Машинамен жолдағы тексеріс бекетін қосқанда 3 сағатта жеттік. Жол бойы Орынбордың табиғатына көзім тоймай, терезеге қарап келдім. Орыстар, Орынборды “Степная столица” дейді екен. Шынымен де жазық алқаптарды көріп бір марқайып қалдым. Ал, Жап-жасыл ағаштарға толы ну ормандарына тіптен ғашық болдым. Жаңбырдан кейін таза ауаны жұтқандай, өте жақсы екен ауасы да. Бізді алыс тумамыздың қызы күтіп алып, Ауруханаға жол көрсетті. Үйіне шақырып асты-үстімізге түсіп, қонақжайлылық танытты. Жақын тумасы болмасақта үйіне қондырып, күткеніне рыза болып қайттық. Бірақ бір, мазалағаны.. Орыс тілінде сөйлеуі еді. Тіпті қазақша мүлдем түсінбейді. Бірақ мен кінәламаймын бұл қызды, өйткені оның ата-анасы ортасы, мектебі де орыс тілінде сөйлейді. Қазақ екенің ұмытпай қонақжайлылық қылып сыйласқаны үшін көп рақмет айтамын қайта... Ал мен айтайын дегенім: енді біз қолдағы алтынымыздан айырылып қалмау үшін жерімізге жауапкершілікпен қарайықшы, табиғатқа демалуға шықсаңыз өзіңізбен бірге қоқыс пакетін алып, артыңыздан қалған қалдықтарыңызды өзімен бірге алып кетуді ұмытпаңызшы! Егер біздің жанымыз ашымаса жерімізге онда басқа кімнің жаны ашиды? Және тілімізден алшақтамай, қазақ-қазаққа өз тілінде сөйлесе, бірін-бірін сыйласа. Бірлігі жарасса, бізді ешқандай жау жерімізді ала алмайтын болады! Соны есімізге сақтайықшы... Инста: @muslima.mary

    • Assel Onggarbayeva

      Assel Onggarbayeva

      2 ай бұрын

      👍🏻👏🏻 Орынборды сипаттауыңызбен көз алдыма келді ғой көрініс😍 Расында Қазақстанда тұрып, өніп-өскен қазақ бауырларымыз қаншама орыс тілін ана тіліндей шүлдірлететін. Бұның алдында ол қандас қазақ қызымызға не деп өкпелейміз деген ойға келеді екенсің шарасыздан. Жерге деген табиғатқа деген жанашырлығымызды әр қазағым өзінен бастаса нұр үстіне нұр болушы еді)

  42. M. Ali LIFE Мамырханулы Мухаммед Али

    M. Ali LIFE Мамырханулы Мухаммед Али

    2 ай бұрын

  43. Абдулазиз Бабажан

    Абдулазиз Бабажан

    2 ай бұрын

    ШАҚЫРАТАН АДАМДАР КӨПКО КАНАТТАН КИН МАНСАР АЙЖАЛМАЛДАРДЫ ШАҚЫРҒАНДА ӘДЕМ КЕТЕТН ЕД КІМ БҰЛ

    • No name

      No name

      2 ай бұрын

      Қазақстанның туризмын дамытып жүрген, әдемі жерлерін көрсетіп жүрген ағамызғой өте қарапайым адам

  44. Абдулазиз Бабажан

    Абдулазиз Бабажан

    2 ай бұрын

    КІМ БҰЛ

  45. Adam Semedeu

    Adam Semedeu

    2 ай бұрын

    желания болса жазам сапардагы историяны блмим брак ешкмге кызык емес шгар

  46. Шынгыс Сарыбаев

    Шынгыс Сарыбаев

    2 ай бұрын

    Baller кашан шакырасын

  47. Soul communication Ʊ

    Soul communication Ʊ

    2 ай бұрын

    Ассаламуағалейкум Аділет бауырым! Менде жалпы табиғатпен тамсанып, ерекше жерлерге саяхаттап демалғанды өте қатты жақсы көремін. 2020 жылы Алматыға барып , Кім асар шынына (Пик фурманова, 3050м↗️⛰) шықтым. Сол шынға жеткенше , Туған еліміздің, ерекше табиғатына куә болдым. Негізі Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір сырлары барғой, сол бір сүйсінерлік көріністерге қарап тамсандым. Биік, жап-жасыл түске оранған таулар, Шыршалар, сылдырлап аққан таудың суы, жабайы таңқурайлардың дәмін татып, рухани жан тебірентерлік демалыс өткізгенмін шүкір. Сонда ең бірінші ойыма келгені - “ Швейцария табиғаты өзімізде де бар екенғой” деген ой.👍🏻 Осыған орай қосқым келетіні, бауырлар, біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Сондықтан қайда бар демалсаңыздар да , әрбір ағашты, әрбір бұлақты, көркем табиғатты сақтауды, қамқор болуды естен шығармауымыз керек. Инст:@almasimage

  48. Nursultan

    Nursultan

    2 ай бұрын

    Pazl арнасын шақырыңызшы келесіде!!?

  49. Айганым Збайрадинова

    Айганым Збайрадинова

    2 ай бұрын

    Уау 😍

  50. Айбек

    Айбек

    2 ай бұрын

    Кім бұл

    • No name

      No name

      2 ай бұрын

      @Айбек инстаграммнан издеп көрсенізші сосын түсінесіз

    • Айбек

      Айбек

      2 ай бұрын

      @Kazeke атын білем кім ол блогерма

    • Kazeke

      Kazeke

      2 ай бұрын

      Adilet Rakhmetulla

  51. Gaini Sarypbek

    Gaini Sarypbek

    2 ай бұрын

    Қайырлы кеш! Сұхбат керемет өтті. Жазда Алматыға барғанда бір ой болды да менде, неге осында келіп тұрып тауға шықпасқа деген.Өмірімде алғаш рет Пик Фурмановаға шықтым. Жолдағы табиғатты көргенде қандай бақытты адаммын деп өз өзіме риза болдым. Тамсануға тұрарлық кереметті Алла Тағала бізге беріп тұрғанына шын қуандым. Жүрегінде бір тыныштық орнайды екен табиғатқа шыққанда , шаршағанында басылад .Бұрын неге осылай табиғатқа шықпағанмын деп өкіндім ғой. Көрсен көзін демалатын жер көп екенін көрсетіп жүрген Аділет ағаға рахмет!Еңбегіңіздін жемісін көре беріңіз!Елін жерін сүйетін ер азаматтар көп болсын!

  52. AYSKO

    AYSKO

    2 ай бұрын

    Шығыс тан болған қуанам

  53. Jomart Baisalov

    Jomart Baisalov

    2 ай бұрын

    Жарайсың,Балам! Ісің оңалсын!

  54. Qazаq 01

    Qazаq 01

    2 ай бұрын

    Калай сойлеуди үйрендім сойтип Сойлей сойлей косем боласың дима?🤣😭 Тагы уйренесин ау брат

  55. Didar FF🇰🇿

    Didar FF🇰🇿

    2 ай бұрын

    😍❤

  56. Данияр Калдыбай

    Данияр Калдыбай

    2 ай бұрын

    Қазақ дронының атасы-Әділет!

  57. Esko KZ

    Esko KZ

    2 ай бұрын

    Има көп күттім

  58. Azamat_ Azamat_

    Azamat_ Azamat_

    2 ай бұрын

    Пазл командасын шақыршы

  59. Нурхан Сейтханов

    Нурхан Сейтханов

    2 ай бұрын

    Ассалаумағалейкум, Адеке бауырым. Жасап жатқан ісіңе, талантыңа тамсанамын. Былтыр карантинде видеоларынды көріп, қызығып, өзіңе тіркелгендердің бірімін. Өсе бер, өне бер, бауырым. 40-сұрақта айтып кеткен шартында сәйкес менде болған жағдай бар. 2018 жылы үйленген болатынмын, сомен жұрт сияқты біз де ЛавСтори түсірген едік. Керемет Қасқасуда, 1 фотограф, 1 видеограф, 1 дронмен жүретін, одан қалса водитель жалдап бәрі өз қаражатымнан болды. Керемет табиғатта түсіп, тамсанып, одан қалса шаршап толық 1 күніміз кетті, сомен фотограф өзім таныс жігіт еді сол күні түнде кетіп бара жатқанда суреттерді сұрадық, ол -Монтаждап болайық, сосын беремін, - деді. Сомен ертесіне ол жігіт адаптерын жоғалтып(оның айтуы бойынша) сомен сол күйі кетті, табиғаты да басқасы да, бірақ тек ЛавСтори бар. Бірақ қазір шағынданбаймын, Аллаға шүкір 2 балам бар. Түйінде айтқым келгені, өзіңізбен жаңағы Қасқасудың керемет табиғатында түсіп қайтсақ менің және келініңіздің кішігірім арманы ғой. Рахмет!!

  60. RASUL QULDYRAQ

    RASUL QULDYRAQ

    2 ай бұрын

    Бөкей аранасы кейіпкерлерді өте жақсы таңдауда. Осы тұрғыда дән ризамын. Әрбір келген тұлға өскелең жастарға айтары мол, берері көп. Сұхбатты көріп ақ үлген шабыт алуға болады. 🤗 Әділет ағамды өзім 1 жылдан бері танимын және үзбей бақылап отырамын. Жасап жатқан істері әр уақыттың өзіндік тарихы болып сақталатынына нық сеніммен айта аламын. Сұхбатты көріп Әділет ағамды жақын тани алдым. Өзіндік миссиясына риза болдым. Нағыз ел үшін туылған азамат екен. Елім, жерім деп соғып тұрған жүрегі оны әрдайым жетістікке жетелейді. Еліктеуге тұрарлық азамат. Сіз секілді елі үшін туылған қазақ жастарының саны арта берсін дегім келеді. Осы орайда сізге мықты денсаулық, жаңа табыстар тілеймін. Өміріңіз әрдайым гүлдей берсін! Бөкей арнасына да толағай табыстар тілеймін! Біздер қолдаудан еш шаршамаймыз. Бастысы тоқтамаңыздар! ✊ ©Ізгі тілекпен РАСУЛ 😊

    • BOKEY

      BOKEY

      2 ай бұрын

      Рахмет✊🏻

  61. Мейрам Камысбай

    Мейрам Камысбай

    2 ай бұрын

    Аділет аға керемет сухбат болды Керемет көп күтіп жүріп едім Алла ұзақ ғұмыр берсін Казакстан аралап әсер алған сәт дегенде Актау Актобе Тараз Барып көргем Атырау Құлсары қаласынан болам менде Фото түсерем Аділет аға Аралайык Барғым келед Бара алмасақта Футболка Толтоскасы алсам соның өзі куаныштымын Тойға Лакатсия түсіріп Іздейм Калаға барған көрі ауылдық таулы жерді Әдемі асер алам Құлсарыдп Иманқара Аккерегешін жерде керемет жер бар Таулы Әдемі жер Қазақстан аралап Көрмедім Arallike Әділет аға видео көріп Әдемі әсер алам барғым келед 😍😍😍

  62. Albert Esen-ali

    Albert Esen-ali

    2 ай бұрын

    Адамдардың жалпы көрсеткішін көргендей болдым, комментарий оқып отырып. Көп адамдар блогерлер мен тек танымал адамдар және әншілер өміріне қызығатын секілді. Өздерінің өмірлері жай болғандықтан өзгенің өміріне тамсанып отыратын сыңайлы. Ал Әділет жақсы жұмыс жасап жүр. Адам ол Табиғатпен үндес. Сондықтан бізге біреудің өмірі емес табиғаттың жағдайы маңызды болу керек. Сол үшін Әділет секілді қыз-жігіттерді қолдап оларға мотивация беріп отыруымыз керек. Анау әнші блогерлер елді алдап, елден қаражат жиып соған бизнес ашқаннан басқа кімге не пайда әкеп жатыр?

  63. Майнур Изжанова

    Майнур Изжанова

    2 ай бұрын

    Керемет👍👍👍. Елімізді дамытатын осындай жігіттер көп болсын✊. Сәттілік

  64. Ербол

    Ербол

    2 ай бұрын

    👍👍👍

  65. Samgat Samgat

    Samgat Samgat

    2 ай бұрын

    просмотр болмайдыго мнадан

    • BOKEY

      BOKEY

      2 ай бұрын

      Басты мақсат ол емес!

  66. Maksat Makhambetov

    Maksat Makhambetov

    2 ай бұрын

    Нау км

  67. Мейрам Камысбай

    Мейрам Камысбай

    2 ай бұрын

    О Әділет Аға👍🏼👍🏼👍🏼

  68. Talgatbek Aslanbek

    Talgatbek Aslanbek

    2 ай бұрын

    Өзің машинана апзор жасаш

  69. Айбол Калмакан

    Айбол Калмакан

    2 ай бұрын

    Братан жай журси машыйна айталмайм емаа

  70. Fatxulla Sagindikov

    Fatxulla Sagindikov

    2 ай бұрын

    👋👋👋

  71. Алмас Саду

    Алмас Саду

    2 ай бұрын

    🖐️🖐️

    • ISMAIL 07

      ISMAIL 07

      2 ай бұрын

      🤝

Келесі